Қостанайда зират өртеніп, ер адам қаза болды

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Өрт ауқымы 1000 шаршы метрді құрады.

Қостанай облысының Денисов ауданында зираттардың бірінен өрт шықты. Оқиға орнында ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде растады.

Оқиға кеше 15:00 шамасында Денисов ауданының Заятское ауылында болған. От шыққан зираттан 1968 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды.

«Өрт ауқымы 1000 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау сағат 20.55-те ауыздықталды», - деді ведомстводан.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз