Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы облысының тұрғынын жақын араласып жүрген азамат алдап, үйін тартып алған

Зардап шегушінің адвокаты алаяқтық әрекеттерді жалғыз адам емес, бірнешеуі бірігіп іске асырғандығына бек сенімді.

Сурет : asn.in.ua27 Маусым 2018, 09:43

Сан соғып қалған әйел бірнеше айдан бері үйін қайтара алмай жүр екен. «Құзырлы орган өкілдерінен де қайыр жоқ»,- дейді. Немере сүйер шағында Шолпан Қоңлыбаева жаға жыртысып жүремін деп ойламаса керек! Енді қайтсін? Үйдің жаңа иелері ешкімді аяйын деп тұрған жоқ. Баспананы босатқызу үшін төбелесуге де бар, деп хабарлайды stan.kz Евразия арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға былай болған. Шолпанның отбасы Еркебұлан деген жігітпен танысады. Өкіл баласы арқылы. Уақыт өте әлгі жігіт шаңыраққа сіңісіп, ет жақындарындай араласып кетеді. Көңілдерін аулайды. Тіпті, осы үйдегі кішігірім той-томалақтан да қалмайды. Ал, күндердің күнінде…

“Жаңағы туған күніме келгеннен кейін өстіп бастайды, мен мамама не керек еді, операция жасайын деп жатыр еді. Раковый дей ме, бір пәлені айтады. Ей мен, ондай ақшамыз жоқ, саған беретін, 500 жүз мың деген, мен өзім жұмыс істемеймін, жолдасым ғана істейді” – дейді Тұздыбастау ауылының тұрғыны Шолпан Қоңлыбаева.

Осыдан кейін Еркебұлан әйелді мынаған көндіреді. Ол өзіне тиесілі қаражатты Роза Макишева есімді әлдебіреуден алады.Тек ол үшін Шолпан пәтерін кепілдікке қоюы тиіс. Аңғал әйел бұған келісіп, қажетті құжаттарға қолын қоя салған. Ал, бірер айдан соң үйіне сот орындаушылары келгенде баспанасы сатылып кеткендігін түсінген. Әрі бір рет емес бірнеше мәрте. Зардап шегушінің адвокаты алаяқтық әрекеттерді жалғыз адам емес, бірнешеуі бірігіп іске асырғандығына бек сенімді.

“Сатып алушы Қаймолдина ханым егер нақ өзін адал сатып алушы ретінде есептейтін болса, сатып алмай тұрып ол үйге барып көру керек еді. Ол үйде кімдер тұрып жатыр? Ол үйдің салығы төленген бе? Ешқандай қарызы жоқ па, бар ма деген сияқты. Кез-келген сатып алушы сондай әрекеттер жасайды” – дейді адвокат Балтабай Сұлтанов.

Айтпақшы, белгілі болғандай Шолпан алаяқтың құрығына ілінген алғашқы адам емес екен. Осыған дейін де әккі жігіт дәл осындай механизммен бірнеше азаматты алдап соғыпты. Соның бірі – Дана. Бұрымды бізге сұқбатты тек телефонмен беруге келісті. Себебі, оның отбасы бұл жағдайдан хабарсыз. Бойжеткен күдіктіге банктен 3 млн теңге алып берген.

“Мен оған 3 млн теңге несие алып бердім. Басындағы екі ай несиені төледі де, кейін жоқ болып кетті. Полицейлерге барғанда олар ешнәрсе істей алмайтындарын айтты”, – дейді Дана есімді зардап шегуші.

Ал, өзінің аңғалдығының арқасында шарасыз күйге түскен Шолпанның мына оқиғадан кейін денсаулығы тым нашарлап кетті. Жүрегі қысылған сайын жедел жәрдем шақыртуға мәжбүр ол осыған дейін өзін-өзі өлтіруге де тырысқан.

“Өз-өзіме қол жұмсасам да, өзіме бірдеме істесем де, бірақ үй екі балам мен күйеуіме қалады. Осы өмірді қиям дегеннен кейін бензинді шашам, жаңағы сіріңкені алғаннан кейін өзіміздің участковый көріп қояды. Ана жақта хайвай, мына жақта мен ешкім байқамайды дегем ғой енді, өртесем өртей салайын, бірақ не болса да, осы үшеуіне қалсын, участковый көріп қояды да, сіріңкені алып алады” – дейді Тұздыбастау ауылының тұрғыны Шолпан Қоңлыбаева.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер