Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Оралдағы апатты үй тұрғындары қайда барарын білмей отыр

85 жыл бұрын салынған ғимарат әбден ескірген.

Сурет : Astana TV27 Маусым 2018, 09:57

Орал қаласындағы апатты үй тұрғындары қайда барып, бас сауғаларын білмей отыр. Баспанасы осыдан 7 жыл бұрын апатты деп танылғанымен, паналайтын басқа жері жоқ. Бұл туралы zakon.kz, Астана телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

85 жыл бұрын салынған ғимарат әбден ескірген. Жазда жаңбыр жауса, төбеден тамшы, ал қыста үйін жылыту оңай емес деп отыр. Су деген осы, ешқандай санитария жоқ. Осыдан алып, осыдан ішеміз. Осыған жуынамыз. Суды адам көргісіз әжетханадан таситын тұрғындар бір күні ауру шығып, қырылып қаламыз ба деп те қорқады. Бірақ басқа амалы жоқ. Осы үйде сегіз жылдан бері тұратын Бекболаттың сөзінше, үйдің қабырғалары қисайып, іргетасы шөгіп барады. Жаңбыр жауса, шұрық-тесік төбеден тамшы тамады. Ал шіріген баспалдақпен көтерілудің өзі қауіпті.

Зылиха Есмұханова: Екі жылдай болды сырость шығып кетіп, үйдің ішінің бәрі көкпеңбек болып, кәдімгі түнімен жата алмаймыз. Көрпелерімізге дейін дымқылданып кетеді, ана жардың бәрін әлсін-әлсін ақтап қоямыз. Бірақ қайтадан қап-қара болып кетеді, қыстай ауырдық ызадан, кәдімгідей иісі шығады сыростьтың.

Қазір бұл үйде 30-ға тарта отбасы тұрады. Олардың жалғыз талабы - басқа үйге қоныстану. Жергілікті әкімдік мәселеге қанық, тығырықтан шығар жол қарастырып жатырмыз деді.

Алтынбек Қайсағалиев, Орал қаласы әкімінің орынбасары: Құрылыс компанияларымен де мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы бойынша шешу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша алдағы жылдары Молдағұлова көшесіндегі апатты күйде тұрған №1-үйді бұзып, оның орнына жаңа үй саламыз деп ойлаймыз. Бірақ бүгінгі күні нақты компания белгіленген жоқ. Алдағы уақытта белгіленеді деп ойлаймыз.

Еркін Карин, тілші: Бүгіннен бастап Орал қаласындағы Скоробогатов көшесіндегі үйлердің реттік нөмірі өзгереді. Бұған дейін 65/1 және 65/2 болып белгіленген мына екі үй бұзылып, қала картасынан жойылады. Осылайша, мына жерден тозығы жеткен ескі ғимараттың орнына жаңа көпқабатты тұрғын үй салынады.

Былтыр мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы бойынша 10 үй бұзылса, биыл 11 үйді бұзу жоспарланған. Олардың орнына жаңасы салынады. Кейін тұрғындарға салынған үйден пәтер беріледі де, қалғанын құрылыс компаниясы өзі сатады. Әкімдік апатты үйлерден осылай құтылмақ. Дегенмен шаһарда әлі 40-тан астам апатты үй бар. Сондықтан Молдағұлова көшесіндегі мұңлықтардың кезегі қашан жетері белгісіз.

Еркін Карин




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер