Жаңалықтар тізбегі
0

ЕурАзЭҚ мемлекеттерінде өндірістегі жазатайым оқиғадан келген зиянды өтеу жұмыстары жеңілдетіледі

dalanews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2018 17:02 dalanews.kz
Жұмыскердің денсаулығына өндірістегі жазатайым оқиғадан келген зиянды өтеу жұмысқа орналастырған мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп тексеру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы ҚР заңының жобасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісім Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан зардап шеккен азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған. Келісім қызметтік іссапар кезеңінде еңбек қызметін жүзеге асыратын азаматтармен ғана емес, өз бетінше жұмысқа орналасқан азаматтармен, сондай-ақ мекемелер жұмысқа қабылдап алған жұмыскерлермен де болған жазатайым оқиғаларды тексеру тәртібін бекітуге арналған.

"Жалпы алғанда, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары мен екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асырғанда ұшыраған өндірістіегі жазатайым оқиғаларды тексеру тәртібі жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленеді. Бұл ретте келісімге қатысушы елдер үшін өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің бірыңғай формасы бекітіледі. Тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жазатайым оқиғадан зардап шеккен қызметкерге жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті. Ал актінің бір данасы жұмысқа орналастырушы мемлекеттің еңбек инспекциясына жолданады", - дейді Мадина Ерасылқызы.

Министрдің айтуынша, топтық, ауыр, немесе адам өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғаларды тексеру аяқталғаннан кейін акті тексеру материалдарымен бірге зардап шегуші азамат тұратын мемлекеттің уәкілетті органына жолданады. Қатысушы мемлекеттің аумағында болған жазатайым оқиғаны тексеруге байланысты берілген құжаттар немесе екінші қатысушы елдің біреуінің аймағында жасалған құжаттардың көшірмелері қоғамдастықтың басқа елдерімен легализациялаусыз қабылданады.

Сонымен қатар, жұмыскердің денсаулығына өндірістегі жазатайым оқиғадан келген зиянды өтеу жұмысқа орналастырған мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Келісім ҚР Конституциясына, Еңбек заңнамасына және қабылданған халықаралық шарттарға қайшы келмейді. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді.

Гүлім Тоқтарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: