Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ЕурАзЭҚ-қа мүше елдерде еңбектеніп жүрген азаматтардың құқықтарын қорғайтын халықаралық акт ұсынылды

Актіде жазатайым оқиғалар туралы барлық ақпарат жүйеленген - Жанат Омарбекова.

Сурет : novostipmr.com27 Маусым 2018, 11:21

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер аумағында жұмыс қызметін іске асырып жатқан жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік беретін халықаралық құқықтық акті қарастырылды, деп жазады Zakon.kz.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Омарбекова Жанат Әнуарбекқызы ұсынған ресми мәліметтерге сәйкес 2017 жылы Қазақстанда 1 мыңнан аса Белорыс Республикасының азаматы, 9 мыңнан аса Қырғыз республикасының азаматы, 25 мыңнан астам Ресей федерациясының азаматы еңбек қызметін атқарған.

-Еңбек көшіқон көлемінің артуы жағдайында келісімді қабылдау еңбек мигранттарын сондай-ақ, еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттерінде еңбек келісімі бойынша жұмыс жасап жжатқан Қазастандық азаматтардың да құқықтық кепілдіктері мен мүдделерін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Келісім еңбек қатынастарының негізгі субьектілерінің мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбек құқықтарын қорғау бойынша ҚР стартегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жетуге ықпал етеді. Заң жобасында келісімгше сәйкес оқиғаларды тергеп тексеру үшін өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп тексеру туралы акт еңгізілген. Акт бірыңғай құжат болып табылады, - деді Омарбекова.

Актіде жазатайым оқиғалар туралы барлық ақпарат жүйеленген. Сондай-ақ жазатайым оқиғалардың себептерін жою жөніндегі іс-шаралар да көзделген. Өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі және қосымша себептерін анықтау мақсатында акт нысанының 5 тармағында жазатайым оқиға болған кәсіби немесе жұмыс түрлері бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды және оқытуды жүргізу күндері жөніндегі мәліметтер белгіленген.

Бұған қоса ұсынылып отырған акт нысанының ақпараттылығы артуда. Өйткені онда жазатайым оқиғалардың барлық себептері көрсетілген. Мұның барлығы қызметкердің денсаулығына келтірілген залалды тиісті түрде өтеу үшін қажет деп айтты депутат.

Келісімде жазатайым оқиғаларды тергеп –тексеру тәртібі қалыптасқан. Оған қатысты қабылданатын шаралардың тізбесі айқындалған. Келісім ҚР үшін негізгі және уақытылы болып табылады. Онда халықаралық құқықтың ҚР конституциясының заңдарының нормаларына жалпыға бірдей міндетті қағидаттары көзделген. Заң жобасы жұмыс тобының отырысында, сонымен қатар Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды. Мәжілістің барлық комитеттері он қорытындыларын берді. Осыған орай қаралып отырған заң жобасының қолдауларыңызды және ҚР парламенті сенатына жолдауды ұсынамын, деді Жанат Әнуарбекқызы.

Әйгерім Тарина


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер