Жаңалықтар тізбегі
0

2019 жылы ғарышқа билеттер сатыла бастайды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2018 22:35 ҚазАқпарат
Алдағы уақытта ғарышқа алғашқы сынақ ретінде жолаушылар ұша бастайды.

SpaceX-тан кейін, тағы бір америкалық компания барлық ұшқысы келетіндер үшін ғарышқа сапарды бастауға дайын екенін жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

Blue Origin жеке аэроғарыш компаниясының аға вице-президенті Роб Мейерсон таяуда ғарышқа апаратын суборбиталық саяхат билеттері 2019 жылы сатылымға түсетінін мәлімдеді.

«Алдағы уақытта ғарышқа алғашқы сынақ ретінде жолаушылармен бірге ұша бастаймыз. Ал, билеттер 2019 жылы сатылымға шығады», - деп уәде етті Мейерсон.

Қазіргі таңда компанияның ғарышқа жасаған барлық сапары жолаушыларсыз жүргізілген, бірақ Blue Оrigin бұдан бұрын сынақ ұшырылымдарға оның қызметкерлері қатысатынын мәлім еткен болатын.

Мейерсон ғарышқа ұшу билетінің бағасын айтқан жоқ.

2015 жылы компания New Shepard суборбиталық кемесін сегіз рет ұшырған. Соңғы ұшырылым 29 сәуірде өтті. Келесі ұшырылымның қашан болатыны әзірге белгісіз. Компаниядағы дереккөз оның жазда болатынын ғана растады.

Blue Origin компаниясының негізін америкалық миллиардер, 2000 жылы әлемдегі ең дәулетті адам атанған Джефф Безос қалаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: