Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде Ұлттық домбыра күнінде 500 адам күй тартты

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2018 15:54 altaynews.kz
Ертіс жағалауында Абай атындағы кітапхана мен Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бірігіп, «Киелі домбыра үні» атты көрме ұйымдастырды.

Семейде Ұлттық домбыра күнінде 500 адам күй тартты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Семейде Ұлттық домбыра күніне орай қала әкімі Ермак Сәлімовтың қатысуымен ерекше шара өтті. 500 адам бір сәтте қосылып, күй тартқан домбыра фестивалінде Құрманғазы мен Динаның, Тәттімбеттің күйлері орындалды.

Ертіс жағалауында Абай атындағы кітапхана мен Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бірігіп, «Киелі домбыра үні» атты көрме ұйымдастырды. Күйшілер арасында «Домбыра-party» сайысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қаладағы Ә. Қашаубаев атындағы филармония, Абай театры мен Дариға-ай жастар театрының ұжымдары, М. Төлебаев атындағы музыкалық колледж студенттері бірігіп, күй шертті.

-Елбасы Жолдауында Ұлттық домбыра күнін белгілеу туралы айтылған болатын,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов,-міне, Семейде қайнаған тірлік, ел осынау мерекеде ерекше қуанып, тойлап жатыр. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра деп ақындар жырлағандай бұл домбыраның үнінде еліміз аңсаған бостандық, қазіргі бейбіт тірлік, барлығы үндесіп жатыр. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Бұдан кейін қала әкім Ермак Сәлімов қаладағы №1 перзентханада болып, осынау мерейлі күні босанып, өмірге ұл әкелген Гүлжанат Нұртазинаға домбыра сыйға тартты.

Мейірбикелердің айтуына қарағанда ұл баланың салмағы 3600, бойы 54 см. Анасының да, сәбиінің де қал-жағдайлары жақсы.Қала әкімінің өзі құттықтағанына Гүлжанат Нұртазина қатты риза болды.«Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Солтүстік-Шығыс өңірі бойынша вице-президенті Орал Шәріпбаев: «Ұлы даланың ұлық мерекесінде туған ұл баламыздың бағы озсын!» деп бата берді.

Дәл осындай шара қаланың тағы перзентханасында да болды. Қалалық Достық үйінің директоры Берік Көпбаев жаңадан дүние есігін ашқан тағы бір ұлға домбыра тарту етті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: