Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Астанада баланы судан құтқарған азамат іздестірілуде

Ер азамат Астана қалалық ТЖД атынан марапатқа ұсынылатын болады.

Сурет : www.inform.kz3 Шілде 2018, 15:09

Бүгін Астана тұрғыны Есіл өзеніне батып бара жатқан баланың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анықталғандай, ақпараттық агенттіктердің бірінде баланың құтқарылған сәті түсірілген видео жарияланған.

«Видеоны жіберген адамның айтуынша, өзінің досы Есіл өзеніне батып бара жатқан баланы құтқаруға әрекеттенген бойжеткен мен жігіттің соңынан секірген», - дейді ТЖК ресми өкілі.

Ер азамат Астана қалалық ТЖД атынан марапатқа ұсынылатын болады.

«Баланың өмірін сақтап қалған азамат туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдардан Астана қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметіне 55-96-60 телефон номері бойынша хабарласуды сұраймыз», - деді Р.Иманқұлов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер