Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Сағынтаев IHS Markit вице-президенті Д.Ергинмен энергетикаға инвестиция салу келешегін талқылады

IHS қолданушыларға әлемнің 211 елінің инвестициялық ахуалын салыстыруға және елеп-екшеуге мүмкіндік беретін елдік тәуекелді бағалаудың бірегей жүйесін әзірледі.

Сурет : primeminister.kz 3 Шілде 2018, 17:45

Бүгін Kazakhstan Global Investment Roundtable екінші халықаралық дөңгелек үстел жұмысының аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев америкалық экономист және IHS Markit вице-президенті Даниел Ергинмен кездесу өткізді. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында әлемдік мұнай нарығындағы қазіргі жағдай мәселелері талқыланып, әлемдік экономиканың дамуына қатысты Қазақстанның энергетика саласындағы негізгі басымдықтары қарастырылды, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілікті сақтау бойынша шаралар талқыға салынды.

Сонымен қатар, Қазақстан өндірісін жақын келешекте ынталандыру мәселелері, энергетика, автомобиль жасау, электроника және т.с.с. тәрізді негізгі салалар бойынша ірі жобаларға инвестициялар салудың маңыздылығы қарастырылды.

IHS қолданушыларға әлемнің 211 елінің инвестициялық ахуалын салыстыруға және елеп-екшеуге мүмкіндік беретін елдік тәуекелді бағалаудың бірегей жүйесін әзірледі. Жүйеде операторларға ұшырасатын тәуекелдердің барлығын қамтитын 22 дискреттік фактор бар. Елдерде бағалау тәуекелдердің кең ауқымы үшін негіз салады, ол жүйелі және кешенді тәсілдің арқасында елдер деңгейінен салыстырмалы бағаларды 500 м² дейін қамтамасыз етеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер