Жаңалықтар тізбегі
0

Шалқар ауданында алты отбасы құлайын деп тұрған үйдің жайын айтып, көмек сұрады

aktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2018 19:05 aktobenews.kz
Бұл үйдің подъезі маскүнемдердің мекеніне айналған.

Бершүгір ауылында шатыры мен терезелері сынған қос қабатты үйде алты отбасы тұрады. Ағаштан салынған үй кез келген сәтте қирап кетуі мүмкін, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Шатыры мен терезесі тесілген үйдегі есіктің төбесі кез келген сәтте опырылып түсуі мүмкін. Көне үйде мектеп жасына дейінгі 10-ға жуық бала тұрады.

«Үй тұрғындары қосылып, жөндегіміз келеді. Бірақ аз жалақыға байланысты бәріміздің қолымыз байлаулы. Терезені әзірше дастарқанмен бітеп қойдық. Қыста подъездің ішінде қардың деңгейі белден асады. Баспалдақ таянышы босап кеткен. Төбеде шегелері шығып тұрған ағаштар басымызға кез келген сәтте құлауы мүмкін», — дейді осы үйдің Меруерт есімді тұрғыны.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2018 19:05

Бұдан өзге, бұл үйдің подъезі маскүнемдердің мекеніне айналған.

«Полиция мен әкімге қоңырау шалып, оларды әрең қуып шықтым. Олар подъезге бөтелкелерін тастап, дәретін сындырып кететін», — дейді екі баланың анасы.

Күйеуі 70 мың теңге жалақы алатын Меруерттің бір баласы сал ауруына шалдыққан (ДЦП – ред.). Сондықтан бала күтіміне байланысты ол үйде отыруға мәжбүр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2018 19:05

«Бір қыста көмір мен отын үшін 300 мың теңге жұмсаймыз. Дүкеннен азық-түлікті қарызға аламыз. Күйеуім жергілікті компанияда 70 мың теңге үшін жұмыс істейді. Үйіміздің алдындағы алаң біздің қарауымызға кіреді. Күйеуім сол алаңды ескі доңғалақтармен бірте-бірте қоршап жатыр. Бұған дейін су кіргізгенде бүкіл жол қопарылып қалды. Сондықтан көліктің барлығы біздің үйіміздің алдымен өтеді. Балаларыма алаңдаймын», — деді Бершігүр ауылының тұрғыны.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: