Нұрсұлтан Назарбаев паралимпиялық жаттығу орталығына барды

www.akorda.kz www.akorda.kz
Нысанды аралап көру барысында Мемлекет басшысы XII қысқы паралимпия ойындарының чемпионы Александр Колядинге спорттағы жетістігі үшін естелікке сыйлық тарту етті.

Мемлекет басшысы жазғы және қысқы паралимпиялық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар мен спорттық резервті сапалы әрі кәсіби дайындау үшін салынған елорданың жаңа бірегей спорт кешенімен танысты. Бұл туралы zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев ойын залын, күрес залы мен жаттығу бөлмелерін аралап көріп, спортшылармен және бапкерлер құрамымен әңгімелесті.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-07/thumbs/1530697693_1ff4ee80b12292d5002f01a70f6e55e6.jpg

– Өздеріңіздің табандылықтарыңыз бен ерік-жігерлеріңіздің арқасында еліміздің даңқын асқақтатып жүрсіздер. Мен сіздердің еңбектеріңіз бен өршіл қасиеттеріңізге тәнтімін. Сіздер барша жұртқа лайықты үлгі көрсетіп келесіздер, – деді Қазақстан Президенті.

Нысанды аралап көру барысында Мемлекет басшысы XII қысқы паралимпия ойындарының чемпионы Александр Колядинге спорттағы жетістігі үшін естелікке сыйлық тарту етті.

Сонымен қатар, спорттық нысанның ашылу рәсімінде Азия Паралимпиялық комитетінің президенті Маджид Рашед Нұрсұлтан Назарбаевқа осы ұйымның Құрмет Орденін тапсырды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-07/thumbs/1530697708_dbd362cb23a4689df8a32a1b2cc35692.jpg

М.Рашед бұл сыйлық Қазақстан Президентінің еліміздегі паралимпиялық қозғалысқа қосқан зор үлесін, сондай-ақ Елбасының ерекше мұқтаж адамдарды әлеуметтік қорғау және барлық азаматтар үшін бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету арқылы тұрақты қолдау көрсетуін мойындаудың белгісі екенін атап өтті.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-07/thumbs/1530697652_fdf09bfce6929b58e84a795c67ec58ba.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз