Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына интернет заттар технологиясы енгізіледі

ТКШ бүкіл саласын цифрлық трансформациялау жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Сурет : FIRST buying agency4 Шілде 2018, 17:03

«Зерде» холдингі ұйымдастырған «Отандық ІТ-шешімдердің ақпараттық күні» көрмесі аясында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ мен «AUTOMATO» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында ІТ-технологияларды дамыту және енгізу мақсатында стратегиялық серіктестер ретінде өзара іс-қимыл жасайтын болады, деп Zakon.kz хабарлайды.

Меморандумға сәйкес, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Қазақстанның көппәтерлі тұрғын үйлерде өндірісті жолға қою және ортақ үйлік және жеке есепке алу приборларымен көрсеткіштерді қашықтықтан жинауға арналған IoT-құрылғыларды («Интернет заттар») кейіннен енгізуге «AUTOMATO» ЖШС толық жәрдем беріп, қолдау көрсететін болады.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаевтың айтуынша, мұндай меморандумға қол қою ТКШ бүкіл саласын цифрлық трансформациялау жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

«Елдің экономиканы цифрландыру бағдарын ескере отырып, біз отандық IT-әзірлеушілерді белсенді түрде қолдаймыз. Атап айтқанда, ТКШ саласында бірыңғай зияткерлік ақпараттық жүйесін құру бойынша ауқымды жұмыс жасап отырмыз, оған ең заманауи технологиялар, оның ішінде Интернет заттар технологиялары енгізілетін болады», - деді басқарма төрағасы.

Қазақстандық ІТ-шешімдердің көрмесі Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырғанын және мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, бизнестің және басқа да мүдделі тараптардың өкілдеріне арналғанын атап өткен жөн. Іс-шараның мақсаты отандық әзірлеушілер мен өндірушілердің мүмкіндіктерін көрсету және ілгерілету, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер