Жаңалықтар тізбегі
0

Полицейлер марихуана сатумен айналысқан күдіктіні ұстады

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2018 16:05 otyrar.kz
Тергеу барысында ұсталған азамат есірткі затын Арыс қаласының тұрғынынан алғанын айтып түсіндірген.

Арыс АІІБ-нің қызметкерлері шілде айының басында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі затын сақтады деген күдікпен жергілікті жердің тұрғынын ұстады, деп хабарлайды otyrar.kz Облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Күдіктінің автокөлігін тінту барысында 10-дана қағазға оралған хош иісті, кептірілген есірткі затына ұқсас заты тәркіленіп алынды. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген заттың салмағы 50 гр. астам болып отыр.

Тергеу барысында ұсталған азамат есірткі затын Арыс қаласының тұрғынынан алғанын айтып түсіндірген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Арыс АІІБ-нің қызметкерлері есірткі сатушыны анықтап, ұстады. Оның үйін тінту барысында полиэтиллен пакетке салынған 50 гр. марихуана тәркіленіп алынды.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Есірткі сатушы қамауға алынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: