Жаңалықтар тізбегі
0

Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық нейрохирургиялық форумға қатысты

liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2018 19:07 liter.kz
Іс-шара Астананың 20 жылдығы қарсаңында Ұлттық нейрохирургия орталығының 10 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Форумды ашқан Гүлшара Әбдіқалықова көрнекті нейрохирург, Ресей ғылым академиясының академигі А.Потаповтың 70 жасқа толуына орай жолдаған Қазақстан Президентінің құттықтау хатын оқып берді. Бұл туралы zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауына сәйкес, Қазақстанның Индустрия 4.0, оның ішінде медицина саласы элементтерін енгізуге кіріскенін айтты.

– Президенттің бастамасымен 2008 жылы негізі қаланған Ұлттық нейрохирургия орталығы денсаулық сақтау саласындағы инновациялық жетекші мекемелердің бірі болып саналады. Бүгінде ол Орталық Азиядағы көш бастаушы клиниканың біріне айналды, – деді Г.Әбдіқалықова.

Ұлттық нейрохирургия орталығында 10 жылдың ішінде 37 мыңнан астам адам ем қабылдады, 25 мыңнан аса ота жасалды, 66 нейрохирургиялық жаңа технология енгізілді. Оның базасында Қазақстанда алғаш рет нейрохирургияның жаңа салалары – микронейрохирургия, эндоваскулярлық, эндоскопиялық және функционалдық нейрохирургия енгізілді.

Соңында Мемлекеттік хатшы форумға қатысушыларға шығармашылық табыс тілеп, Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған мерекелік салтанатты іс-шараларға қатысуға шақырды.

Форумға Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев, Парламент депутаттары, әлемнің 20-дан астам елінен келген нейрохирургия саласының жетекші мамандары қатысты.

Іс-шара Астананың 20 жылдығы қарсаңында Ұлттық нейрохирургия орталығының 10 жылдығына орай ұйымдастырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: