Жаңалықтар тізбегі
0

Әкесі 13 жасар қызын екінші рет зорламақ болған ер адамнан құтқарды

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2018 21:25 sputniknews.kz
Қыздың айтуынша, өзін зорлаған азғын келесі күні қайта тиіспек болған.

Қырғызстанда Ыстықкөлде әкесі жасөспірім қызын зорламақ болған азғыннан құтқарды. Ыстықкөл облысы Джеты-Огуз ауданында 2 шілдеде болған оқиға туралы Sputnik Қырғызстан хабарлайды.

Ер адам 13 жасар қызды көлігіне отырғызып, балмұздақ әперіп, екінші рет зорламақ болған, деп хабарлайды жергілікті милиция.

Әкесі қызын 42 жастағы ер адамның көлігінен тауып алып, милицияға арыз берген.

Қыздың айтуынша, ер адам бір күн бұрын оны үйде зорлаған екен. Бастапқы деректер бойынша, күдікті жәбірленушінің отбасы жалға алып отырған үй иесінің ұлы.

Күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып тиісті сараптама тағайындалған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: