Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қыздар Университетінің түлектері диплом алды

Түлектердің 1020-сы күндізгі, 518-ы сыртқы бөлім бойынша тәмәмдады.

Сурет : zakon.kz5 Шілде 2018, 17:29

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде түлектерге диплом тапсыру рәсімі өтті. Биыл оқу орнын 1538 студент пен 168 магистр бітіріп отыр, деп хабарлайды zakon.kz, оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Түлектердің 1020-сы күндізгі, 518-ы сыртқы бөлім бойынша тәмәмдады. Олардың 276-сы үздік диплом иегері. Педагогикалық білім мен ғылымның қыр-сырын жете меңгеріп, кәсіби маман иесі атанып, үлкен өмірге жолдама алғандар қатарында Жаратылыстану, Әлеуметтік-гуманитарлық, Өнер және мәдениет, Педагогика және психология, Физика-математика, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеттерінің түлектері бар.

Салтанатты рәсім белгілі ақын Ғафу Қайырбековтың жұртшылық арасында кеңінен тараған, дара оқу орнының аруларына арналған «Алматыда көшесі бар Гогольдің...» өлеңімен ашылды. Жиынның ресми бөлімінде университет ректоры Гаухар Алдамбергенова құттықтау сөз сөйлеп, бітірушілерге ақ жол тіледі.

– Қымбатты жас түлектер! Сіздер бүгін 75 жылдық тарихы бар, отандық жоғары білімнің қара шаңырағы – Қыздар Университетін бітіріп, үлкен өмірге жолдама алғалы отырсыздар! Бұл – барлығымыз үшін де ерекше күн, маңызды мереке. Университет ұжымы үшін де, Сіздерден үміт күткен ата-аналарыңыз үшін де өте үлкен қуаныш. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы – білім жүйесі. Орта мектеп – білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады», деп атап өткен болатын. «Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында» деген Елбасы әрқашанда ұлттың болашағы педагогтың қолында екендігіне баса мән беріп келеді. «Ұстаздар ұстаханасы» атанған Қыздар Университетінің түлектерінің қатарында есімдері елге танымал қоғам қайраткерлері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, белгілі ғалымдар мен ұстаздар, даңқты спортшылар бар. Сіздер де сол шалқар көшті жалғастырып келесіздер, – деді Гаухар Төремұратқызы.

Оқу орнының басшысы түлектердің алдында тұрған басты міндет – университеттен алған білімдерін тәжірбиемен ұштастыра отырып, еңбек нарығында бәсекелестік қабілеті жоғары кәсіби тұлға болу екендігін атап өтті.

– Ұстаз – болашақ ұрпақтың бағбаны, шәкіртінің бойына біліммен бірге тәрбие сіңіруші, жанына жарық сәуле сеуіп, көкірегін нұрландырушы. Сіздердің басты мақсаттарыңыз егемен еліміздің болашақ жастарын тәрбиелеуге, білімі мен біліктілігін арттыруға, мемлекетіміздің дамуына сүбелі үлестеріңізді қосу! Өмір жолындағы сапарларыңыз сәтті болғай, болашаққа бастаған қадамдарыңызға ақ жол тілейміз, – деді Гаухар Алдамбергенова.

Сонымен қатар, университет ректоры бір топ бітірушіге дипломды салтанатты жағдайда табыстады. Олардың қатарында оқуда озат, қоғамдық жұмыста белсенділік көрсеткен 12 студент пен магистр бар. Әнмен әспеттеліп, күймен көмкерілген салтанатты кеш аясында көпшілік алдында барлық факультет бітіруші түлектері атынан Айдана Тынышқали сахнаға шығып, университет ұжымына риясыз алғысын білдірді.

– Барлығымыздың да алға қойған үлкен мақсатымыз бар. Сол үкілеген армандарымызды орындауға ұмтылудамыз. Бізді білім әлемінде өз кәсібімізге сай маман болып қалыптасуға жол салған барша азаматтарға алғыс айта отырып, білікті, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы ұлағатты ұстаз есімін абыроймен алып өтуге, болашағы баянды, келешегі кемел бәсекеге қабілетті Мәңгілік ел – Қазақстанның қарышты дамуына ант етеміз, – деді А. Тынышқали.

Айта кетейік, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – еліміздегі бірден-бір тек қыздар оқитын жоғары оқу орны. Орта Азия аймағында мұндай оқу орны жоқ. Әлемде де саусақпен санарлықтай. Университеттің 6 факультетіндегі 28 кафедра бакалавриат бойынша – 43, магистратура бойынша – 23 және PhD докторантура бойынша – 4 мамандық негізінде мұғалімдер дайындайды. Сондай-ақ, сырттай оқу бөлімінің студенттері 20 мамандық бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын пайдаланып, білім алады.

Бүгінде оқу орнында жалпы саны 7 мыңға жуық студент, магистранттар мен докторанттар оқиды. Оларға 55 ғылым докторы, 230-дан астам ғылым кандидаты мен 90-ға жуық PhD докторы мен ғылым магистрі дәріс береді. Қазіргі күнде мұнда студенттердің сапалы білім алып, ғылыммен, өнермен, спортпен айналысуы үшін, олардың бойында халқымыздың ұлттық құндылықтарын дарыту орайында бірқатар жұмыстар жасалып, университет отандық жоғары оқу орындары арасында үлкен беделге ие болып отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер