Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық жастар 20 метрлік торт дайындады

pinimg.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2018 23:58 pinimg.com
Арбатқа жиналған жұмыс іздеушілер алдымен мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалады.

Алматыда халықты жұмыспен қамту орталығы екі қолға бір күрек таппай жүргендерге ерекше мүмкіндік ұсынды. Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған бос орындар жәрмеңкесі бұл жолы жаңа форматта өтті. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Арбатқа жиналған жұмыс іздеушілер алдымен мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалады. Жастар жағы «Астана жүрегімде» деп аталған флешмобқа қатысты. Алматы қаласының жастар ұйымы елорданың 20 жылдығына арнап 20 метрлік торт дайындапты.

Ал өнерсүйер қауым үшін тамаша сурет көрмесі ұйымдастырылған. Елбасы, Астана, Бәйтерек – барлығы да атаулы датаға арнап салынған туындылар.

Гауһар Іздібай, қала тұрғыны: - Бұл жерде 150-ден астам вакансия түрі қарастырылған. Осындай шараны ұйымдастырып жатқан әкімдік және Жұмыспен қамту орталығына барша жастардың атынан рақмет айтқым келеді.

Жыл басынан бері Алматыда 8 мың адам еңбекпен қамтылған. Оның 5 мыңға жуығы тұрақты, ал 3 мыңы уақытша жұмысқа орналастырылды. «Нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында биыл 670 адам оқу курстарына жіберілген. «Жаңа мамандыққа бейімделуге ниеттенген азаматтардың қатары жыл санап артып келеді», – дейді орталық мамандары.

Дәуірбек Әбуов, қалалық Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары: - Қазіргі таңда қызмет көрсету саласындағы мамандықтарға сұраныс көп, сату менеджерлері, қонақүй бизнесі және де шаштараздар.

Мамандар жұмыс іздеушілерге мұндай жәрмеңкелердің көмегі зор екендігін айтады. Жұмыс берушілер мен жұмыссыздарды кездестіріп, ортақ мәміле жасасуына мүмкіндік беруді мемлекеттің еліміздің азаматтарына жасаған қолдауы деп түсіну керек.

Авторлары: Индира Оразалинова, Нұрдәулет Жақсыбай

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: