Маңғыстаулықтар мерекелік медальмен марапатталды

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Салтанатты жиын концерттік бағдараламамен жалғасты.

Бүгін Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық драма театрында Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басышысы Н.Ә.Назарбаев биылғы халыққа арнаған жолдауында: «2018 жыл – Елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ қуанышымыз» деген болатын.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-07/thumbs/1530807498_1-2.jpg

Расында бұл тек Елорданың ғана емес, тұтас Қазақ елінің мерекесі халқымыздың қуанышы. Салтанатты шарада облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстау халқын мерекемен құттықтап, ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген бір топ қызметкерлерді Астана қаласының 20жылдығына орай алғыс хатпен марапаттады. Дәлірек айтсақ, Қазақстан Республикасының және Астана қаласының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 20 маусымдағы № 706 Жарлығы бойынша бір топ азамат «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-07/thumbs/1530807463_2-2.jpg

Өңір басшысы Ералы Лұқпанұлы: Президентіміз Астананы әлемдегі бірліктің символына айналдырды. Бүгінде Елбасымыз бен Елордамыз егіз ұғым. Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріміздің бәрі бас қаламыздан бастау алады. Бейбітшілік пен татулықтың, бірлік пен берекенің ордасына айналған Астана арқылы бүкіл әлем тәуелсіз Қазақ елін таныды. Дүниежүзіне Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының есімін мойындатты. Осының барлығы еліміздегі тұрақтылықтың, халқымыздың Елбасымызға деген үлкен сенімі мен қолдауының нәтижесі деп білемін. Ұлы Еуразия кіндігі – Сарыарқаның төрінде көтерген шаңырағымыз құтты болып, қысқа ғана уақыттың ішінде Астана – Отанымыздың жүрегі, халқымыздың мақтанышы, рухани өрлеуіміздің, экономикалық дамуымыздың қозғаушы күшіне ие болды» - деді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-07/thumbs/1530807451_3.jpg

«Астана 20 жыл» медалімен марапатталғандар:

Айдаров Асылбек еңбек ардагері, Ақкенжеев Шынабай еңбек ардагері, Әбдрәсілов Қайрат, МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС бас директоры, Күнзила Жақыпқызы «Аль-Фатима» қоғамдық қорының директоры, Әміров Табылды Мұнайлы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы, Стефан Федорович Ұлы Отан соғысының ардагері, Досанова Айкүміс Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы, Егізқараев Құлжан еңбек ардагері, Ережепов Қайролла еңбек ардагері, Ертілеуов Аманқос Маңғыстау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Есжанова Салиха еңбек ардагері, Капуов Әлімғали еңбек ардагері, Карась Надежда «Волна» Ақтау кондитерлік зауыты» ЖШС директоры, Көбеген Іңірбай еңбек ардагері, Күмісқали Есен еңбек ардагері, Қартбай Аманжол Ақтау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Оразов Орысбай еңбек ардагері, Өтегенов Айтуар еңбек ардагері, Сахимов Әли еңбек ардагері, Сражанов Сәрсен Жетібай ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы, Сейбағытов Даржок Форт-Шевченко қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы, Таңғұлов Боқан Форт-Шевченко қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы, Тұрарбеков Бердібек еңбек ардагері, Үсенов Қойшыбай еңбек ардагері.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-07/thumbs/1530807471_4-1.jpg

Салтанатты жиын концерттік бағдараламамен жалғасты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз