Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Оралда жігітімен бірге өзенге келген қыз суға ағып кетті

Өкінішке қарай, екеуі де жүзу білмейді екен.

Сурет : www.inform.kz9 Шілде 2018, 11:49

Оралда 19 жастағы бойжеткен суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше Коминтерн кентіндегі жағажайда болды. БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының баспасөз хатшысы Аягөз Қожанбаеваның айтуынша, 1999 жылғы қыз жігітімен бірге Жайық өзенінде шомылып жүрген.

Өкінішке қарай, екеуі де жүзу білмейді екен. Бұл жерде өзеннің ағысы да қатты. Оқыс оқиға орын алғанда, еріктілер құтқарушыларды көмекке шақырған.

Олар оқиға орнына үш минуттан кейін жетіп, 10 минуттан соң марқұмның денесін шығарып алды.

Айта кетейік, бұл - биылғы осындай екінші оқиға. Бұдан бұрын қалаға қарасты Серебряков кентіндегі Сәт көліне ер адамның батып кеткенін жазған болатынбыз.

Жалпы, БҚО ТЖ департаментінің мәліметіне қарағанда, облыста 2015 жылы 30 адам, 2016 жылы 20 адам суға кетті. Өткен жылы 18 адам «тілсіз жаудың» құрбаны болса, соның бесеуі - балалар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер