Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бұқтырма су қоймасында балық қырылып жатыр

Қырылып жатқан балықтарды демалушылар барлық жағалаудан тауып алып жатыр.

Сурет : altaynews.kz9 Шілде 2018, 18:02

Бұқтырма су қоймасында мөңке балық(карась) өліп жатыр. Бірақ адамдарға әзірге ешқандай қауіп жоқ деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі жергілікті орман шаруашылығы инспекциясына сілтеме жасап.

Қырылып жатқан балықтарды демалушылар барлық жағалаудан тауып алып жатыр. Әсіресе Көкпекті және Күршім аудандарында көп көрінеді. Бірақ ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемінің аумақтық инспекциясы бұған қиналып отырған жоқ. Өйткені оларға істің мән-жайы түсінікті.

– Балық болған соң, уылдырық шашқаннан кейін ауырады. Бір жағынан күннің ыстығы бар. Оған қоса Бұқтырмада мөңке балық күрт көбейіп кеткен еді. Осы себептерге байланысты кокцидиоз туындап отыр. Сол жерде комиссия жұмыс істеді. Балық өлекселерін жинап, зертханаға өткіземіз. Ары қарайғы істің барысын көреміз. Бәлкім, гидартталған әкпен жағалауларды «аластап», алдын алу шараларын жүргізетін шығармыз. Бірақ әзірге адам денсаулығына зиянды ештеңе жоқ. Сондықтан суды каратинге жабудың да керегі жоқ, – деп болған жайға түсініктеме берді балық шаруашылығының басшысы Талғат Рахымжанов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер