Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысындағы жаңадан құрылған төрт ауданның шекарасы бекітілді

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2018 16:24 otyrar.kz
Қайта құрылған Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш аудандарының шекаралары бекітілді.

Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясында Түркістан облысының таяуда бөлініп, қайта құрылған Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш аудандарының шекаралары бекітілді. Бұл туралы zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасымыздың қолдауымен екі ауданның бөлінуі халқы тығыз орналасқан аумақ үшін маңызды екеніне тоқталды.

«Өткен аптадағы Үкіметтің отырысында аталған аудандардың шекарасын бекіту туралы ұсынысымыз қабылданып, бүгін мәслихаттың сессиясында бекітіп отырмыз. Бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Қайта құрылған Сарыағаш ауданының аумағы 417 мың гектарды құраса, жаңадан құрылған Келес ауданының шекарасы 345 мың 129 гектарды, Жетісай ауданының аумағы 104 мың 600 гектарды, ал Мақтаарал ауданының көлемі 80 мың 760 гектарды құрайтын болады. Осыған орай, аудан әкімдеріне тиісті жұмыстарды қолға алып, ұйымдастыруды тапсырамын»,-деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы облыс орталығы - Түркістан қаласына көшу бойынша қызу жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, қыркүйек айында барлық басқармалармен бірге көшетінін жеткізді. Ол үшін шілде, тамыз айларында әкімдікке қарасты мекемелер мен мәслихат аппараты орналасатын ғимараттар дайындалатынын атап өтті.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі жоғарыда аталған жұмыстарды бірлесе ұйымдастырып, Түркістан қаласына көшуге біркісідей атсалысуға шақырды.

Сессияның барысында бірқатар халық қалаулылары «Астанаға 20 жыл» мерекелік және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Олардың қатарында Серікжан Сейтжанов, Есей Өркен, Әсет Қайыпбеков, Қайрат Сапарбаев, Мұрат Төлтебаев, Қайрат Сүлейменов, Бекасыл Төлендиевалар бар. Ал облыс әкімінің Құрмет грамотасымен Рабиға Қуатбекова, Зуппархан Чалданов, Айнаш Сатиевалар марапатталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: