Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыл тұрғыны базардың жанында 10 жасар қызды зорлап тастады

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2018 23:03 sputniknews.kz
10 шілдеде Қырғызстанда тапа-тал түсте он жасар қызды зорлаған.

Қырғызстанның Шу ауданындағы Соқұлық ауылында 10 жасар қызды зорлап кеткен, деп хабарлады sputniknews.kz, Шу облысының ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Басқарманың хабарлауынша, оқиға 10 шілдеде жергілікті базардың жанында шамамен сағат 14.00 кезінде болған.

"Оқиға орнына бірден Соқұлық ауданы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері барды. Қырғызстанның қылмыстық кодексінің 130-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сот-медициналдық сараптамалар тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта полицейлер қызды зорлаған адамды іздеп жатыр.

Sputnik Қырғызстанның құқық қорғау органдарындағы дереккөзі хабарлағандай, жартылай жалаңаш жылап тұрған қызды Соқұлық ауылындағы орталық базардың маңынан өтіп бара жатқан әйел тауып алған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: