Жаңалықтар тізбегі
0

Жазғы демалыста қай мемлекетке барған қауіпті

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2018 23:36 www.inform.kz
Бүгінде Еуропада қызылша ауруы өршіп тұр.

Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин шетелден келетін қауіпті вирустар туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мәселен, біз Тайландқа жиі барып тұрамыз. Ол жақтан Денге вирус алып келген азаматтар болды. Ол ауру Тайландта ғана емес, Үндістан, Вьетнам сияқты тропикалық елдерде де бар. Былайша айтқанда, Оңтүстік Азияда жиі кездеседі. Оған қоса, Үндістанда тырысқақ ауруы бар. Ол жақтан безгекпен ауырып келгендер де болды. Негізі, безгек ауруының түрі көп қой. Оның ішінде Чукунгунья, Эбола, Сары безгек, Батыс Нил безгегі және тағы басқа вирустар бар. Осыны ұмытпау керек", - деді Ж.Бекшин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, бүгінде Еуропада қызылша ауруы өршіп тұр. Оған бес мыңнан астам адам шалдықты. Ондаған адам қайтыс болды. Украинада қызылшамен 20 мыңнан астам адам ауырып қалды. Олардың ішінде 11 бала қайтыс болды. Оған қоса, дифтерия тіркеле бастады.

"Ол жаққа вакцинасы жоқ балалармен баруға болмайды. Ата-аналарға барынша сақ болған жөн. Бұдан бөлек, Оңтүстік Америкада Зика вирусы бар. АҚШ-та А гепатитінен қайтыс болған адамдар да бар. Сондықтан демалысты жоспарлағанда, осы жағын ескерген дұрыс. Ал өзіміздің көршілерімізге келетін болсақ, Ресей мен Беларусьта қызылша тіркеліп отыр. Қырғызстанда түйнеме ауруының шыққанын естіген шығарсыздар. Сол себепті ол жаққа баратын болсаңыз, ет жегенде барынша абай болу керек", - деп атап көрсетті Ж.Бекшин.

Оның айтуынша, Зика, Денге сияқты вирустар көп жағдайда маса арқылы таралады. Сондықтан далаға шыққанда дұрыс киіну керек.

"Сосын ақ түсті киім киген дұрыс. Себебі оның үстінде маса да, кене де жақсы көрінеді. Орманға барсаңыз жеңі ұзын киім киіңіз, шалбардың етегін шұлыққа салып қойған дұрыс. Бас киім де болуы қажет. Әрине, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін ұмытпаған жөн. Біріншіден, теңіз өнімдерін жегенде байқау керек. Екіншіден, сусын ішкенде сақ болыңыз. Әсіресе, далада сатылатын сусындарды байқап ішу керек. Қазір сусынды салқындату үшін мұз қолданып жатады. Бірақ сол мұздан уланып қалғандар аз емес. Өйткені ондай мұз лас судан жасалады", - дейді Ж.Бекшин.

Айта кетейік, Ж.Бекшин жаз кезінде той тағамдарын дайындау қауіпсіздігіне де тоқталды. Оның айтуынша, алдымен аспаздардың кәсіби дайындығын тексеріп алу қажет. Бас аспазда санитарлық кітапша болуы тиіс. Сырттан адам тартуға болмайды. Ыдыс-аяқты жуып тұратын адамдардың саны да жеткілікті болуы шарт.

"Сосын тамақты сақтайтын арнайы құрал-жабдықтардың бар-жоғын тексеріп алған жөн. Дайын тұрған тамақ тоңазытқышта сақталуы тиіс. Мейрамxанада ыстық су болуы тиіс. Тазалыққа баса мән беру керек. Негізі, тамақ жасайтын жердің санитарлық жағдайы жаппай улануға себеп болып жатады. Тойдың дастарқанын бір сағат бұрын жасаған дұрыс. Одан ерте жайылса, дайын тамақта микроағзалар тез өседі. Содан адам уланады. Әрине, тамақ өнімдерінің сақтау мерзімін үнемі бақылап отыру қажет", - деп атап көрсетті Ж.Бекшин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: