Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Консулдар Мәскеуде қамауға алынған қазақстандықпен кездесті

29 маусым күні күндіз жоғары оқу орнының бас корпусының аумағында оқытушының артынан келіп пышақ сұғып, ізін суытқан.

Сурет : www.inform.kz12 Шілде 2018, 11:30

Қазақстандық дипломаттар Мәскеуде Бауман атындағы ММТУ оқытушысына пышақпен шабуылдағаны үшін қамалған Жаслан Құдайбергеновке барды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Қазақстан азаматы екі ай мерзімге - 30 тамызға дейін қамалды. Оған адам денсаулығына қасақана зиян келтірді деген айып тағылып отыр. Әзірге тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған. Біздің консулдар оны барып көрді, адвокатымен байланыс орнатты. Ол денсаулығы және қамауда ұстау бойынша шағым айтқан жоқ», - деп мәлім етті ҚР ІІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұдан бұрын ТАСС хабарлағандай, Мәскеудің Басман аудандық соты Бауман атындағы ММТУ оқытушысына пышақпен шабуылдады деген күдікпен Жаслан Құдайбергеновті екі ай мерзімге «қамауға алу» бұлтартпау шарасын қолдануға шешім шығарған болатын.

Агенттіктің хабарынға сенсек, күдікті, 1992 жылы туған ер адам оқу үлгерімінің нашарлауы және оқу төлемақысын төлей алмағаны үшін маусым айының басында Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінен шығарылған.

29 маусым күні күндіз жоғары оқу орнының бас корпусының аумағында оқытушының артынан келіп пышақ сұғып, ізін суытқан. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылып, аман қалған.

Осы дерек бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 111-бабының («Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру») 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер