Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Түркістан облысында жасөспірім ақша үшін құрдасына оқ атты

Бозбала алған жарақатынан ажал құшты. Полиция оқиғаны тергеп жатыр.

Сурет : sputniknews.kz12 Шілде 2018, 14:42

Мақтаарал ауданының елді мекендерінің бірінде 7 шілде күні кешкісін жасөспірім оқ жарақатынан қаза тапты. Бастапқы мәлімет бойынша, бозбалалар арасында ақша үшін жанжал туындаған.

Полиция хаттамасында "бұзақылық мақсатта" кісі өлтірді деп жазылғанымен, тергеушілер оқиғаның себептерін анықтауы тиіс. Расталмаған деректер бойынша, екі жасөспірім ақша үшін араздасқан. Бірі екіншісіне бауырының алған қарызын қайтарығысы келмеген көрінеді, деп хабарлайды Sputnik.

Полиция хабарлағандай, бозбалалар арасындағы жанжал салдарынан бірі шолақ мылтықпен екіншісін аяғынан атқан. Зардап шегуші күре тамырынан жарақат алып, дәрігерлер тез келіп жеткеніне қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Жасөспірім көп қан жоғалтып, сол күні ауруханада жан тапсырды.

Қазір Мақтаарал АІІБ "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Сот шешімімен күдікті екі айға қамауға алынған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер