Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Елордада билетсіз жолаушы тасымалдаған 1700-ден астам кондуктор жауапқа тартылды

Мекеме жыл басынан бері автобустардағы рейд кезінде қоғамдық көлікте жүру ақысын төлеуден жалтарған 181 жолаушыға айыппұл салынғанын хабарлады.

Сурет : elorda.info13 Шілде 2018, 09:24

«Astana LRT» ЖШС мәліметі бойынша биылғы жылдың басынан бері қоғамдық көлікте жолаушыны билетсіз тасымалдаудың 1749 фактісі анықталды. Жолаушыны билетсіз тасымалдағанда салынатын айыппұлдың көлемі 12 025 теңге, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Сондай-ақ, мекеме жыл басынан бері автобустардағы рейд кезінде қоғамдық көлікте жүру ақысын төлеуден жалтарған 181 жолаушыға айыппұл салынғанын хабарлады. Қоғамдық көліктегі жолақысын төлемеген жағдайда екі АЕК мөлшерінде, яғни 4 810 теңге айыппұл салынады.

«Егер валидатор жұмыс істемеген немесе валидатор төлемді қабылдамаған жағдайда автобус ең соңғы аялдамаға барып, мінген жолаушыларды түсіруі керек. Автобусқа отырған жолаушы үшін қалай болғанда да жолақысы тегін болады», - деді «Astana LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Сонымен қатар, жолақысын төлемеген жолаушы үшін автобус жұмысын тоқтатады. Себебі, оқиға орнына 102 қызметі шақырылып, акт толтыру үшін полиция бөлімшесіне барады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер