Жаңалықтар тізбегі
0

Жыланның уынан шарап ішпекші болған бойжеткен комаға түсті

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2018 18:47 stan.kz
Бойжеткен бұл жыланның уынан дәстүрлі қытай медицинасында қолданылатын сусын, соның ішінде күш-қуатты көтеретін шарап жасамақшы болған көрінеді.

Қытай тұрғынын ғаламтор арқылы сатып алған улы жылан шағып алып, комаға түсіп қалды. Бұл туралы South China Morning Post басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға 9 шілдеде, дүйсенбі күні Шэньси провинциясының Вэйнань қаласында орын алды. Сяофан есімді 21 жастағы қытайлық бойжеткен ғаламтордан адам өмірі үшін өте қауіпті саналатын улы жылан сатып алды.

Қыздың ата-анасының айтуынша, улы жылан Сяофанның саусағын шағып алған. Жылан улы бойына тараған қыздың бір сағаттан кейін ұйқысы келіп, жүрекгі айный бастаған. Жағдайы күрт нашарлаған бойжеткен бірден ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай комаға түсіп қалды.

Сонымен қатар, емханада уды қайтаратын препарат болмай, қажетті дәрі-дәрмектерді бір тәулік күтуге тура келді. Ал, осы уақыт аралығында бойжеткенді шағып алған улы жылан қашып кеткен екен. Алайда, адам өмірі үшін қауіпті саналатын жылан кейінірек үйдің жанынан өлі табылған.

Бірақ, қыздың туыстары оның телефонынан жылан сатушы немесе тауарды жеткізуші туралы ешқандай ақпаратты таба алмады. Дегенмен, онлайн тапсырыс фактісі расталды. Бір қызығы, сатушы қытайлық қызға жыланның улы екенін ескерткен екен.

Алайда, бойжеткен бұл жыланның уынан дәстүрлі қытай медицинасында қолданылатын сусын, соның ішінде күш-қуатты көтеретін шарап жасамақшы болған көрінеді. Ол сусында дайындау үшін улы жыланды күріш шарабына немесе нан спиртіне салып қою керек. Ал, ол сұйықтық (этанол) жыланның уын бейтараптандырып, осылайша оны зиянсыз етеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: