Грузия астанасында сынап бағанасы 50 градус ыстықты көрсетіп тұр

newtimes.kz newtimes.kz
Мұндай аптап ыстық тек Грузияда ғана емес, әлемнің бірнеше елінде орын алып отыр.

Тбилисиде мұндай ауа райы бұрын-соңды болмаған. Қала тұрғындары салқындатқыштарын күні түні сөндірмейді. Салдарынан электр энергиясын пайдалану мөлшері күрт өсті. Бұл туралы zakon.kz Хабар 24 арнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті жұртшылық аптап ыстықтан қалай қорғануы тиіс? Тбилисиде бұрын-соңды мұндай ыстық болмаған. Тұрғындардың кейбірі мүлдем далаға шығудан қалды. Балалар болса субұрқақтарды ермек қылып, суға түседі.

Цицино Лебанидзе, қала тұрғыны: - Соңғы жылдары ауа температурасы көтеріліп келе жатыр. Бірақ биыл тым ыстық. Балаларымызды саябақтар мен орманға алып кетеміз. Ересек адамдарға далаға шығудың өзі қиын. Өзімізбен бірге үнемі су алып жүреміз.

Мұндай аптап ыстық тек Грузияда ғана емес, әлемнің бірнеше елінде орын алып отыр. Солардың қатарында Армения мен Пәкістан бар. «Вашингтон Пост» басылымының мамандары ең ыстық елдер туралы мақала да жариялады. Жаһандағы жағдай ушығып барады.

Резо Гетиашвили, Кавказдағы табиғатты қорғау ұйымдар желісінің өкілі: - Келер жылдары ауа температурасы одан әрі жоғарылайды. Жаһандық күн жылынуымен күресіп жатқанымызбен, климаттың өзгеруіне көнуге тура келеді. Ауа райына ықпал ететін шараларды қолға алып қана қоймай, болашақта шөл мен су жетіспеушілігі болатынын ескеру қажет.

Ал Грузия қоршаған ортаны қорғау ұлттық агенттігінің мамандары алаңдаудың қажеті жоқ деп есептейді. Бірақ синоптиктер термометр көрсеткіші соңғы 100 жылда ең жоғары бағанына жеткендігін растап отыр.

Додо Гвазава, синоптик: - Айдың басында елдің шығыс аймақтарында ауа температурасы 41 градусқа дейін жетті. Сосын ол сәл төмендеп жаңбыр жауды. Қазір көпшіліктің ұялы телефондарында температураны өлшейтін қосымшалар бар. Бірақ біздің болжамдар халықаралық стандарттарға сай болғандықтан, нақтысын айта аламыз.

Денсаулық сақтау министрлігі өзінің ресми кеңестері мен ұсыныстарын жариялады. Оған сәйкес таңғы сағат 11 мен кешкі 5-тің аралығында үйден шығудың қажеті жоқ. Далада жұмыс істеуге болмайды. Тек табиғи материалдардан тігілген киім киіп, бас киімді ұмытпаған абзал. Көбірек су ішіп, дене шынықтырудан бас тартқан жөн. Авторлары: Дариға Ташенова, Татия Джанибегашвили, Шалва Сурамелашвили

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз