Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Сейфуллин-Жансүгіров қиылысындағы айналма жол қашан бітеді

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2018 23:11 www.inform.kz
Биылғы бюджет бекітіліп кеткендіктен оған артық қаражат қарастырылмаған.

Алматыда Сейфуллин-Жансүгіров қиылысындағы айналма жолдың құрылысы келесі жылы аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл аталған жерде тұрып жатқан тұрғындардың жер учаскелерін сатып алуға қажетті қаражат жетпеуінен болып отыр.

«Сейфуллин-Жансүгіров көшелеріндегі жол айрығының құрылысына келсек, мұнда шынымен сот шешімімен болсын, келісім бойынша болсын жер телімін сатып алу қарастырылған. Өтемақы көлемі де талқыланған. Бірақ қазір бұл жерлерді сатып алмадық. Оған қаражат жоқ», - деді қалалық Жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметов.

Оның айтуынша, жерді сатып алуға жұмсалатын қаржы республикалық бюджеттен есептелген.

Алайда, биылғы бюджет бекітіліп кеткендіктен оған артық қаражат қарастырылмаған.

«Осыған байланысты жұмыстар тоқтатылды. Өтемақыны төлеу мәселесін келесі жылдың басында шешеміз. Жол айрығының құрылысы да осы уақытқа дейін созылады», - деді Алтынбек Ахметов.

Басқарма басшысы жолға алынатын жер учаскелердегі отбасылардың барлығы өз үйлерінде тұрып жатқанын айтты.

Оның айтуынша, тұрғындарды ешкім қуып, коммуникациясын өшіріп жатқан жоқ. Егер олар өтемақы сомасына қанағаттанбаса, құзырлы органдарға арыздана алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: