Жаңалықтар тізбегі
0

«Күлтегін» анимациялық фильмі Португалияда көрсетіледі

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2018 18:57 Baq.kz
Бұл байқаудың мақсаты португалдық және әлемдік фильмдерді кеңінен насихаттау.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған «Күлтегін» атты толықметражды анимациялық фильмі Португалияда өтетін Халықаралық кинофестивальдің негізгі бағдарламасына қатысады, деп хабарлайды Baq.kz.

Қыркүйектің 14-і мен 15-і аралығында Португалияның Порту қаласында өтетін бұл фестиваль осымен екінші рет өткізіліп отыр. Бұл байқаудың мақсаты португалдық және әлемдік фильмдерді кеңінен насихаттау. Дегенмен, фестиваль ұйымдастырушылары байқаудың басты бағыттарының бірі әлемге әйгілі киногерлермен қатар, танылуына кең мүмкіндіктері бар жаңа есімдерді ашу екенін айтты.

- Біздің ұлттық фильмнің әлемдік тұсаукесері осындай белді кинофестивальде өтетініне өте қуанып отырмыз. «Күлтегін» фильмі ата-бабаларымыздың жанқиярлық ерлігі, бірлігі мен ауызбіршілігі, олардың тұрмысы мен салт-дәстүрлері туралы. Күлтегін - бұл тұтас бір дәуірдің тарихи тұлғасы. Сондықтан да фильм батыс көрермендеріне қызықты болатынына сенімдімін. Қазылар алқасының да көңілінен шығып, жүлделі орыннан көрінетінімізге кәміл сенемін, - деді фильмнің режиссері Адай Әбілда.

Естеріңізге сала кетсек, жас режиссер-аниматор Адай Әбілданың қолынан шыққан аталған тарихи анимациялық туынды көшпенді халықтардың басын біріктіріп, Ұлы көшпенділердің дәстүрін жалғастырған түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жастық шағы туралы баяндайды.

Айта кетсек, «Күлтегін» фильмі шілде айының басында Астана қаласында өткен XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің «Еуразия жүрегінде» атты конкурстан тыс бағдарламасында көрсетіліп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: