Танымал әнші Таркан 45 жасында әке атанды

Stan.kz Stan.kz
5 жыл кездескен жұп 2016 жылы отбасын құрған болатын.

Танымал түрік әншісі Таркан 45 жасында алғаш рет әке атанды. Таркан мен оның жары Пынар Дилек қызды болды, деп жазады Stan.kz.

Таркан жеке өмірін жұрттан жасырмайтын әнші. Биылғы жылдың ақпан айында ол сүйіктісінің жүкті екенін хабарлаған болатын. Ал таяу күндері өнер иесі желідегі парақшасында жаңа туған қызының суретін жариялады. Ол қызының жүзін көрсетпеді, тек сүйінші хабарды жеткізді.

“Лия қызымыз дүниеге келді! Ол менің өміріме күн нұры болып кірді. Эмоциямды сөзбен айтып жеткізе алмаймын”, – деп қуанышымен бөлісті жұлдызды әке.

Айта кетейік, Таркан жары Пынармен 2008 жылы Германиядағы концерт кезінде танысқан. 5 жыл кездескен жұп 2016 жылы отбасын құрған-ды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз