Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Денис Тенның өліміне қатысты күдікті кінәсін мойындады

Екінші күдікті іздестіріліп жатыр.

Сурет : www.zakon.kz20 Шілде 2018, 09:34

Денис Тенның өліміне қатысты күдікті кінәсін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 шілдеде Құрманғазы және Байсеитова көшелерінің қиылысында Денис Тенге пышақ жұмсаған күдіктілер анықталды. Осы факті бойынша 99-бабтың 2-тармағы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу жүргізу үшін жедел топ құрылды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, куәгерлер мен бейнекамералардағы видеоға сүйеніп қылмыскерлердің кім екені анықталды, - деді Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев.

1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы Қиясов Нұрлы ұсталды. Қорғаушының алдында ол кінәсін толық мойындап, уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Екінші күдіктінің аты-жөні де анықталды. Қазір іздеу шаралары жүріп жатыр, - деді прокурор.

Танымал спортшыға 19 шілде күні Құрманғазы мен Байсеитова көшелерінің қиылысында шабуыл жасалған. Жедел жәрдемді сондағы куәгерлер шақырған. Ол орталық қалалық клиникалық ауруханаға жансақтау бөліміне жеткізілген. Кейін Денис Теннің көз жұмғаны белгілі болды.

Тақырыпқа қатысты барлық жаңалықтарды мына сілтемеден оқи аласыздар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер