Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Денис Теннің өліміне қатысты екінші күдіктінің фотосы тарады

Адам өлтіргені үшін Құдайбергенов Арман Бөрібайұлы іздестірілуде.

Сурет : www.zakon.kz20 Шілде 2018, 11:36

ҚР Ішкі Істер министрлігі Денис Тенныің өліміне қатысы бар екінші күдіктінің суретін таратты деп хабарлайды Zakon.kz.

Адам өлтіргені үшін 1994 жылы дүниеге келген, Қызылорда облысының тумасы Құдайбергенов Арман Бөрібайұлы іздеуге жарияланды.

Белгілері: бойы 165-170 см, денебітімі арық. Үстінде қара футболка, сүр джинсы шалбар, қара аяқ-киім болған. Күннен қорғайтын көзілдірік тағады.

ІІМ іздеудегі күдіктіге қатысты қандай да бір ақпарат білген жағдайда Алматы қаласының ІІД-на хабарласуды өтінеді. Байланыс нөмірлері: 8 (7272) 54-40-42, 54-40-18, 54-41-00, 54-43-66 или 102.

Естеріңізге сала кетейік, ІІМ мен қалалық ІІД қылмыстық істі тергеу үшін тәжірибелі қызметкерлерден тергеу-жедел тобын құрды. Топ жетекшілігін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов басқарады.

Тергеу-жедел іс-шараларының нәтижесінде жасаған полиция қызметкерлері қылмыс жасаған адамдарды анықтады.

Олардың біреуі – 1994 жылы туылған Қиясов Н.Д. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

Қазіргі уақытта, екінші қылмыскерді ұстау үшін полиция іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Барлық жаңалықты мына сілтемеден оқи аласыздар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер