Жаңалықтар тізбегі
0

Зырян қаласының атауы өзгеріп, 28 көшеге жаңа есім беріледі

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2018 21:59 altaynews.kz
Зырян ауданына жасаған іссапары барысында облыс әкімі Даниал Ахметов өңір орталығындағы көптеген көшелердің атаулары әлі де «қызарып» тұрағанын айтып, оларды өзгерту қажеттігін алға тартты.

Зырян қаласының атауы өзгеріп, 28 көшеге жаңа есім беріледі altaynews.kz.

Зырян ауданына жасаған іссапары барысында облыс әкімі Даниал Ахметов өңір орталығындағы көптеген көшелердің атаулары әлі де «қызарып» тұрағанын айтып, оларды өзгерту қажеттігін алға тартты.

Аймақ басшысы кезінде өзі декоммунистік партия қатарында болғанымен, өткен ғасырдың басындағы ауқымды саяси қуғын-сүргінге нақ осы «қызылдардың» кінәлі екенін атап көрсетті.

–Ленин, Киров, Орджоникидзе, Дзержинский деген секілді атауларға неліктен жабысып қалдық? Нақ осы «қайраткерлердің» кесірінен миллиондаған адамдар қырылды. Біз өскелең ұрпақты достыққа, тәуелсіздікке баулуымыз керек. Ендеше көшелерді Достық, Тәуелсіздік деп атайық. Бізге өз заманымыздың қаһармандарын дәріптеу қажет. Айталық, Сағадат Нұрмағамбетов осындай құрметке әбден лайық. Зырянның өзінен шыққан қаншама соғыс батырлары бар. Ұлыларымыз – Абай, Әуезов бар, Жамбыл бар, Лермонтов пен Пушкин бар.Қаншама даңқты жерлестеріміздің – жұмысшылар мен инженерлердің, мұғалімдер мен дәрігерлердің есімдері ескерусіз қалып жатыр. Осы бағытта жұмыс істейік, – деді Даниал Ахметов.

Зырян қаласы көшелерінің атаулары ауыстырыла бастады. Жуырда 28 көше өзгертілмек.

Жергілікті қоғамдық кеңестің ұсынысына сай, Советская Тәуелсіздік, Ленин Астана болып ауыспақшы.

Лениногорская – Шиелі, Комсомольская– Зыряннан шыққан Кеңес одағының батыры Павел Кольцов деп өзгертілуі ықтимал.

Канавная, Пролетарская, Ворошилов көшелері Бастау, Спорт, Еңбек көшелері атанбақ, Советская тұйық көшесі Көлеңкелі болып өзгермекші.

Ең бастысы қаланың өз атауын ауыстыру мәселесі де қаралуда, кеншілер қалашығы Алтай атануы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: