Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Сотқа Денис Теннің өліміне қатысты екінші күдіктіні сырттай қамауға алу туралы өтініш түсті

Санкция қазіргі кезде іздеуде жүрген күдіктіге қатысты қарастырылуда.

Сурет : Алматы ІІД20 Шілде 2018, 17:33

Алматы аудандық сотына мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты екінші күдіктіні сырттай қамауға алу туралы өтініш түсті, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылы 20 шілдеде Денис Теннің өліміне қатысты іске байланысты Алмалы аудандық сотына Құдайбергенов Арман Бөрібайұлы деген тұлғаны сырттай қамауға алу туралы өтініш келіп түсті. Күдікті ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімімен айыпталып отыр», - делінген хабарламада.

19 шілдеде Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында шамамен күндізгі сағат 15:00-де Денис Тенге екі адам шабуыл жасады. Қарулы қақтығыс кезінде мәнерлеп сырғанаушы пышақ жарақатын алды. Келіп жеткен жедел жәрдем Денисті № 12 Орталық клиникалық ауруханаға жеткізеді. Алған жарақатының салдарынан спортшы ауруханада көз жұмды. Қазіргі уақытта бір күдікті қамауға алынды, екінші күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Қызылорда облысының тумасы Құдайбергенов Арман Бөрібайұлына іздеу жарияланды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер