Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстандық жүргізуші мас күйінде 50 жолаушыны Ыстықкөлге жеткізген

Бұл факт Ыстықкөл облысындағы Бөстері ауылында «За рулем» рейді аясында анықталған.

Сурет : Baq.kz23 Шілде 2018, 12:59

Ыстықкөл облысындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері жолаушылар тасымалдаған мас автобус жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл факт Ыстықкөл облысындағы Бөстері ауылында «За рулем» рейді аясында анықталған.

22 шілдеде ЖҚҚҚБ қызметкерлері Ыстықкөл облысының Бостері ауылында ішінде 50 жолаушысы бар Neoplan маркалы автобусты тоқтатқан. Автобуста балалар да болған.

Құжаттарды тексергенде жүргізушіден алкоголь иісі сезілген. Инспекторлар бірден ер адамды көлікті басқару құралынан айырып, медициналық куәландырудан өтуге алып кеткен.

Дәрігердің қорытындысынан соң жүргізуші мас болу жағдайында тұрғанын анықтаған. Автобус Түп ауылы - Бішкек бағытында кетіп бара жатқан. ЖҚҚҚБ қызметкерлері автобустағы жолаушыларды микроавтобустарға отырғызып, әрі қарай жолға шықты.

Жүргізушіге қатысты осы факт бойынша 1970 жылы туған Қазақстан азаматы Е. К-ға ҚР әкімшілік жауапкершілік туралы 238 бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бап санкциясына сәйкес ер адамға 100 есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу немесе бір жылға көлік жүргізу құжатынан айыру жазасы қолданылады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер