Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанда ең жоғары ақы төленетін мамандықтар анықталды

Жұмысқа орналасу көрсеткішінің пайыздық үлестері де ұқсас, біріншісінде 84 пайыз болса, соңғысында 56 пайыз.

Сурет : www.24.kz23 Шілде 2018, 15:52

Бүгін отандық жоғары оқу орындарындағы білім беру деңгейінің алғашқы нәтижелері жарияланды. Оған сәйкес елордадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық және Қарағандыдағы Евней Бөкетов атындағы мемлекеттік университеттер тәжірибелі мамандарды тартуға ерекше көңіл бөлетіні анықталды деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Мұндай талап Орталық Азия және Каспий қоғамдық университеттеріне де қойылып отыр. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері хабарлады.

Спикерлердің айтуынша, жоғары сұранысқа ие мамандықтардың көш басын «Жалпы құрылыс» факультеті бастап тұр.

Еліміз бойынша осы салалық білімді 35 оқу орны ұсынып отыр. Себебі бұл салада еңбекақы жоғары. Мұнай-газ ісі мамандығын таңдаған түлектерде – 250 мың теңге.

Ал ең төменгі жалақы Биотехнология факультетінің түлектерінде – 70 мың теңге. Жұмысқа орналасу көрсеткішінің пайыздық үлестері де ұқсас, біріншісінде 84 пайыз болса, соңғысында 56 пайыз. Айта кетейік, жыл соңына дейін ұлттық кәсіпкерлер палатасы 50-ден астам мамандықтың рейтингін ұсынбақ.

Талғат Ешенқұлов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары: - Рейтинг не береді. Біріншіден, биылғы түлектерге бағдар береді. Қай мамандықпен қандай жоғары оқу орнында қалай дайындайтынын көрсетеді. Бұл баға – тікелей жұмыс берушінің бағасы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер