Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қарағанды облысында медициналық мекемелердің 70 пайызы жөндеуге мұқтаж

Жыл сайын жөндеуге бөлінетін қаражат жеткіліксіз, себебі ғимараттар мен онда орнатылған коммуникациялар қатты тозған.

Сурет : www.inform.kz24 Шілде 2018, 11:16

Қарағанды облысындағы медициналық ғимараттардың 70%-ы жөндеуге мұқтаж. Бұл жайлы Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Денсаулық сақтау нысандарының басым бөлігі, яғни 70%-ы 1960-1980 жылдар аралығында пайдалануға берілген. Олардың орташа пайдалану мерзімі - 45 жыл және одан жоғары. Бұған қоса, соғыс жылдарынан кейін тұрғызылған ғимараттар да осы күнге дейін пайдаланылып жүр - олардың үлесі 5%-ды құрайды. Атап айтсақ, облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық және акушерлік-гинекологиялық корпустары (1951 ж), профессор Х. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия орталығы (1939 ж)»,-деді басқарма басшысы.

Жыл сайын жөндеуге бөлінетін қаражат жеткіліксіз, себебі ғимараттар мен онда орнатылған коммуникациялар қатты тозған. Денсаулық сақтау басқармасы жөндеу жұмыстарына байланысты үш жылдық жоспар құрған, онда барлық ерекшеліктер қарастырылған. Алайда бюджетте бекітілген қаражат сонда да жеткіліксіз. Сондықтан, денсаулық сақтау басқармасы қосымша қаржы бөлуді сұрап отыр.

«Аталмыш жоспарға сай, медицина мекемелерінің ғимараттарын нормативтік-техникалық талаптарға сәйкестендіру үшін бізге жылына шамамен 2,8 млрд теңге қажет. Жыл сайын күрделі жөндеуге 1,5-1,6 млрд теңге көлемін қаражат бөлінетінін ескере келе, бізге алдағы үш жылда тағы кем дегенде 1 млрд теңгедей қаржы жұмылдыру керек болады», - деп түсіндірді Ержан Нұрлыбаев.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов бұл мәселені қаржы басқармасының назарына ұсынды.

«Қаржыландыру лимиттерін анықтау кезінде денсаулық сақтау нысандарын жөндеу қажет екенін назарға алыңыздар», - деді Ерлан Қошанов.

Қарағанды облысында 70 мемлекеттік медициналық ұйым тіркелген. Олар жалпы ауданы 660 мың шаршы метрді құрайтын 553 ғимаратта орналасқан.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер