Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Көкшетауда құрылысшы 5-қабаттан құлап, мерт болды

Қауіпсіздік техникасы мүлдем сақталмаған.

Сурет : ҚазАқпарат24 Шілде 2018, 11:39

Көкшетауда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшы 5-қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау қаласындағы Васильковский шағынауданындағы салынып жатқан үйлердің бірінде 58 жастағы азамат 5-қабаттан құлап, алған жарақатынан көз жұмды.

«Мен ол жерде болып қайттым. Жұмысшылардың қолында еңбек шарттары жоқ. Қауіпсіздік техникасы мүлдем сақталмаған. Арнайы киімдері, каскалары, сақтандыру белбеулері де жоқ. Ол жерде 4 адам жұмыс жасаған, алайда құқық қорғау органдары өкілдері мен біз келген бойда олар жан-жаққа қашып үлгерген», - деп жауап берді Ақмола облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының еңбекті қорғау жөніндегі инспекторы Мұратбек Жүсіпов ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында.

Оның айтуынша, ЖШС Астанада тіркелген, ал басшысы қазір Ақтауда жүр.

«Олар қайғылы жағдай болғаны туралы акті жазулары керек. Сондықтан дәл қазір жұмыс беруші тарап іздестірілуде», - деді М. Жүсіпов.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер