Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция Денис Теннің көлігінен ұрланған айнаны өткізу жоспарын ашты

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2018 21:39 kolesa.kz
Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған.

Денис Теннің көлігінен ұрланған айналар кімдерге өткізілуі тиіс екені анықталып, олар полицияға өздерінің жауаптарын берген. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыповтың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Денис Теннің өлімі бойынша күдіктілер айнаны кімдерге өткізбекші болғаны анықталған және олардан жауап алынған.

«Оларға қатысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр», - деп нақтылады вице-министр.

Бұдан бөлек ол күдікке ілінген Нұрлан Қиясов пен Арман Құдайбергеновты ұстаудың мән-жайын ашып айтпады.

«Біздің жұмысымыздың барлық әдістерін ашып айта алмаймын. Бірақ та бұл әдістер өз тиімділігін көрсетті және айыптыларды қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік берді», - деп қосты Р. Жақыпов.

Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында, 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен.

Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған.

Ол оң жақ санының жоғары тұсынан жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді.

Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын.

2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.

Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады.

Екінші күдікті - 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.

Сондай-ақ, Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясов күзетпен Алмалы аудандық сотына жеткізілген. Ал Денис Теннің өлімі бойынша күдікті екінші адам Арман Құдайбергенов ұсталды.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/policiya-denis-tennin-koliginen-urlangan-aynany-otkizu-zhosparyn-ashty_a3330900

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: