Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Түркістан облысының Жібек жолы ауылы су тапшылығын көріп отыр

Таңдайы құрғаған әлеумет аптап ыстықта тіршілік нәрінің күніне бір рет қана берілетіне наразы.

Сурет : 24.kz25 Шілде 2018, 17:23

Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Жібек жолы ауылының 5 мыңнан астам тұрғыны тіршілік нәрінсіз отыр. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкенттің іргесінде тұрып, аңқасы кепкен ауыл тұрғындары базынасын айтып, арнамызға хабарласты. Айтуларынша, жаз келсе болды құдықтары қаңысып, ішерге су таппай қалады екен.

Таңдайы құрғаған әлеумет аптап ыстықта тіршілік нәрінің күніне бір рет қана берілетіне наразы. Осы уақытты пайдаланып ыдыстарының бәрін суға толтырып алады. Көлігі барлар тасып ішеді.

Айтуларынша, бұған дейін бірнеше мердігер келіп, ауылға құбыр тартқан. Оған қазынадан 450 млн теңге қаржы бөлініпті. Бірақ сапасыз жүргізілген жұмыстың соңы жұртты сарсаңа салып отыр.

Ал ауыз суға жауапты мамандардың да өз айтар уәжі бар. Олардың пікірінше, су ауылға Машат жақтан құбыр арқылы жеткізіледі. Ауыл маңындағы насоспен көшелерге тарайды. Аптап ыстықта таудан келетін судың көлемі азаятындықтан биік жерде орналасқан үйлерге су шықпай қалады дейді. Оған жауапсыз мердігерлерден қалған сапасыз құбырдың жырын қосыңыз.

Керімхан Омар, Жібек жолы ауылының тұрғыны: - Кім болса сол істеп кеткен. Мамандар істемеген. Сапасыз, жұп-жұқа құбырлар. Ішінде су болмағаннан кейін ауа тартады да сорып қояды. Қай жер болса сол жерде ағып жатқан тіршілік бұл. Міне көріп тұрсыздар қазір 40-45 градус ыстық. Сол жағдай қайталанып отыр. Жоқ емес, бар су келмей жатыр.

Көркемжан Ешметов, Сайрам тазалық мекемесі директорының орынбасары: - Ауыл тұрғындары шілде айында арық суын емес, құдық суын пайдаланып жатқандықтан бәріне бірдей жетпей қалады. Сол себепті шешімін табу мақсатында жөндеу жұмыстары аяқтағанша кезекпен беріп жатырмыз. Күніне 4-6 сағат су береміз. Құдай қаласа, 15 күнде шешіледі мәселе.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер