Қазақстан Ресейден құс еті мен жұмыртқа әкелінуіне тыйым салды

stan.kz stan.kz
Оған Ресейдің Орлов, Ростов, Нижегород облыстарындағы тараған құс тұмауы себеп болған.

Қазақстан Ресейден құс еті, жұмыртқа, қауырсын әкелінуіне уақытша тыйым салды. Оған Ресейдің Орлов, Ростов, Нижегород облыстарындағы тараған құс тұмауы себеп болған. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Ветеринарлық бақылау комитеті мен Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігі ҚР аумағына тірі құс пен инкубациялық жұмыртқа, жылу өңдеуінен өтпеген (кемінде 70 градус Цельсий) қауырсын, құс еті мен құс шаруашылығының өнімдері, құстарға арналған дем мен азықтық қоспалар, таксидермиялық өңдеуден өтпеген аңшылық олжалардың әкелінуіне уақытша шектеу қойды. Сонымен қатар Ресейдің жоғарыда аталған облыстарынан құс асырауға, союға және мүшелеуге арналған құралдардың бұрын қолданыста болған түрлерінің әкелінуі де уақытша шектеледі», – делінеді Ресейлік ауыл шаруашылық бақылауының хабарламасында.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз