Жаңалықтар тізбегі
0

Астананың сот ғимараты жанында қызды көлік қағып кетті

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2018 17:01 www.inform.kz
Түрлі дене жарақаттарын алған қыз қалалық ауруханаға жатқызылды.

Елордадағы қалалық сот маңындағы жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған қызды автокөлік басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Опель» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Ұлы Дала көшесі жағынан шығып, Сауран көшесі бойымен Бұқар жырау көшесіне қарай жүріп келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып өтті. Белгілі болғандай, зардап шеккен адам жолды белгіленген жолақ бойынша өтпек болған. 25 шілдеде Сауран көшесіндегі жол-көлік оқиғасы фактісі тұрғысында полицейлер жауап алу шараларын жүргізіп жатыр», - делінген Астана ІІД баспасөз қызметінің мәліметінде.

Түрлі дене жарақаттарын алған қыз қалалық ауруханаға жатқызылды. Ішкі істер департаментінде атап өткендей, тиісті материалдар жинақталып, сараптама тағайындалды.

Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: