Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық “Ник Вуйчич” аяққа тұруы мүмкін

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2018 19:01 Stan.kz
Әлиге протез салуға Ыстамбұлдағы «Ортопорт» компаниясы келіскен.

Қазақстандық «Ник Вуйчич» атанып кеткен Әли Әміровтің туа бітті екі аяғы болмаған. Алайда оған протез салып, толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беруге болады, деп жазады Stan.kz.

«Иә, бізде Әлиді танитындардың бәрі ол үшін уайымдайды. Алайда олар үшін тамаша жаңалық бар. Ендігі Әли аяққа тұрады. Қазір тиісті процесс жүріп жатыр. Бізге жетпей тұрған соманы жинау керек еді. Түрлі қорларға, әкімге, халыққа жүгініп, көмек сұрадық. Жалпы, көпшілікітің күшімен бәрі ойдағыдай болады деп үміттенемін», – дейді Әлидің анасы Ақмарал.

Анасының айтуынша, Әлиге протез салуға Ыстамбұлдағы «Ортопорт» компаниясы келіскен.

«Бастапқыда біз германиялық клиникаға жүгіндік. Алайда ол 52 мың еуро талап етілген шотты көрсетті. Бұл сома өте көп болғандықтан, үмітіміз үзіле бастады. Сол кезде түркиялық «Ортопорт» компаниясынан ұсыныс түсті. Олар германиялық «ОттоБок» компаниясының құралдарынан Әли үшін протезді анағұрлым арзан бағаға жасап беруге келісті. Протез үшін 33 мың доллар қажет. Біз түркиялық компанияға жеңілдік жасағандары үшін алғыс білдіреміз», – дейді Ақмарал.

Оның сөзінше, көптеген ірі компаниялар мен қайырымдылық қорлары оларға көмектесуден бас тартқан.

«Бастапқыда әрекеттеріміз сәтсіз болды. Алайда барлығы оңай берілмейді. Жолды тек жүрген адам жеңе алады. Сол кезде: «Әлидің арманын орындап, аустралиялық Ник Вуйчич онымен кездескенде, аргентиналық Диего Марадона онымен футбол ойнағанда, біз Қазақстанда жүріп оның арманын орындай алмаймыз ба?» – деп ойладым», – дейді Әлидің анасы.

Алайда нәтижесінде оларға еліміздегі қайырымды жандар көп көмектескен.

«Жалпы, «Асыл бала» қорына соманың негізгі әрі басым бөлігін белгілі жоғары лауазымды тұлға аударды. Астана әкімі 4 мың доллар берді. Осылайша, Алла бұйырса, менің Әлиім 1 қыркүйекте өз аяғымен мектепке барады. Ол өзіне шалбар сатып алып қойды», – дейді Ақмарал.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда екі аяқсыз туылған қазақстандық оқушы Әли Тұрғанбек әйгілі оратор Ник Вуйчичпен кездескен еді. Сондай-ақ, ол әйгілі футболшы Диего Марадонамен футбол ойнады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: