Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ауылдастары Денис Тенді өлтірді деген Арман Құдайбергенов туралы айтып берді

Sputnik тілшісі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деген күдікті Арман Құдайбергеновтің туған ауылына барып қайтты. Күдіктінің ауылдастары біраз жайттың басын ашты.

Сурет : Sputniknews.kz26 Шілде 2018, 14:03

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деген күдікті Арман Құдайбергеновтің туған ауылы Ақайдың халқы жаман аты шыққан ауылдастарынан түңіліп отыр. Sputnik тілшісіне берген сұхбатында ауыл тұрғындарының айтуынша, қайғылы оқиғаның түп-тамыры баласына дұрыс тәлім-тәрбие бере алмаған Құдайбергеновтер отбасында жатыр.

Арман Құдайбергеновтің отбасы

Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің бірі Арман Құдайбергенов Ақай ауылының тумасы болып шыққаны жергілікті халыққа оңай тимеген көрінеді.

"Тенді өлтірді дегендердің бірі Ақай ауылынан шыққанын жүрегіме жақын қабылдадым, — дейді Ақай ауылдық округінің әкімі Гүлсара Омарова. – Өйткені біздің жастарымыз салт-дәстүрге сай тәлім-тәрбие алып өскен, болашағынан зор үміт күттіреді, алдарына қойған мақсаты бар. Оның үстіне, ауылымыз алақандай, бәрі көз алдымызда. Бірдеңе бүлдірсе, ақсақалдар ақыл айтып, жөнге салады. Мұны естігенде өз құлағымызға өзіміз сенбей, бір қателік кеткен шығар, біздің баламыз мұндай қылмысқа бармас еді деп ойладық.

Арман Құдайбергеновтің ата-анасы Ақайда ұзақ тұрмаған

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Арман Құдайбергеновтің ата-анасы Ақайда біраз жыл тұрыпты, сол себепті жас жігіт "Ақай ауылының тумасы" деп тіркелген. Отбасы көп ұзамай Байқоңырға көшіп, Құдайбергенов ресейлік мектепте білім алады. Бірақ сабаққа ден қоймаған сыңайлы, "аяқталмаған орташа біліммен" ғана шектелген.



Құдайбергеновтер отбасы көп ұзамай Байқоңыр қаласына көшіп кетеді

Заңбұзушылықтың түп-тамыры — тәрбиеде

Ақайлықтардың айтуынша, қарапайым қазақ жігіті Арман сияқты жайтқа тап болса, мәселенің түп-тамырын отбасыдан іздеу керек, өйткені Қызылорда облысында ата-бабаларымыздың әдет-ғұрпы берік сақталған, балаларды жастайынан еңбекке баулып, үлкендерді сыйлауға, иманды әрі ибалы болуға тәрбиелейді.

Бәлкім, Құдайбергеновтің жерлестерінің сөзінде бір шындық бар шығар, ол жасөспірім кезінде түнгі сағат екіде Байқоңыр дәмханаларының бірінің жанында өзімен қатарлас баланың телефонын тартып алған екен. Қарсылық көрсеткен құрдасын соққыға жығудан да тайынбаған. Осы жерде оның ата-анасына біраз сұрақ туындайды: "Жасөспірім Арман түнгі сағат екіде дәмхана жанында достарымен неғып жүр? Мамандық игеріп, жұмыс істеудің орнына, Алматыға не іздеп кетті?"

"Жастарға барлық жағдай жасалған", - дейді ауыл әкімі

"Ақай туралы айтар болсақ, ауылда табыс тауып, жайлы өмір сүру үшін жастарға барлық жағдай жасалған, — дейді Гүлсара Омарова. – Екі орта мектеп, спорттық мектеп, заманауи клуб бар. Яғни, білім алу үшін де, мәдени демалыс үшін де ешқандай кедергі жоқ. Ауа райы жылы мезгілде қыз-жігіттер "Достық" саябағына жиналады, жұма күндері концерт пен би кеші өткізіледі".

Ақай ауылындағы жұмыссыздық деңгейі

Айта кетсек, Ақайда ресми түрде жұмыссыз 35 тұрғын тіркелген, олардың арасында жастар саны өте аз. Ал жалпы экономикалық белсенді, жұмысқа жарамды адамдар саны – 3 294. Жастар саны – 1 262 адам.

Ауылда жұмыссыздар саны - 35 адам

"Қазіргі жастардың белсенді азаматтық әрі өмірлік ұстанымда болуы мен үшін өте маңызды, — дейді Омарова. – Олар мемлекеттік бағдарламаға белсенді араласады, жас кәсіпкерлеріміз өте көп. Білімге құштар. Ақайда бастапқы кәсіптік білім алуға да болады".

Денис Тенге жасалған шабуыл

Атақты қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада-2014 қола жүлдегері Денис Тен 19 шілдеде Алматыда кісі қолынан ажал құшты. Спортшы мейрамханадан шыққан кезде көлігінің айнасын ұрлап жатқан екі жігіттің үстінен түседі. Арада жанжал туындап, автоұрылардың бірі Денис Тенге пышақ сұққан. Жедел жәрдем келгенше 3 литр қан жоғалтқан Денис ауруханада жан тапсырды.

Мәнерлеп сырғанаушыны өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Нұралы Қиясов және 23 жастағы Арман Құдайбергенов ұсталған. Бастапқыда Денисті Құдайбергенов пышықатады деген ақпарат тараған еді, алайда кейінірек екінші күдікті пышақ сұққанын мойындады. Ал Арман Құдайбергенов суық қарудың қайда тығылғанын көрсеткен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер