Өскемен қаласының әкіміне айыппұл салынды

www.24.kz www.24.kz
Бұл шенеуніктің көптен бері қоғам назарында жүргені белгілі.

Өскемен қаласының әкімі айыппұл төлейтін болды. Себебі Қуат Тұмабаев өзгенің көлігін сақтандыру полисінсіз жүргізген. Осы үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Бұл туралы zakon.kz, Хабар24 телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Бұл шенеуніктің көптен бері қоғам назарында жүргені белгілі. Естеріңізге сала кетсек, биыл 15 сәуірде Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев 19 жастағы риддерлік азаматты көлігімен қағып, мерт қылған еді.

Өткен айдың соңында сот оны 1 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сол жол апатында Құрманбаевтың қасында Қуат Тұмабаев та болған. Бірақ ол сотқа тек куәгер ретінде ғана шақырылды. Дегенмен, тәртіптік кеңес қала әкіміне «қызметіне толық сай емес» деген ескерту жасаған.

Енді Тұмабаев оқиға болған жерден өзгенің көлігін жүргізіп кеткені үшін әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.

Назгүл Рахметуллина, облыстық сот судьясы: - Дегенмен, ол азамат жергілікті полиция қызметінің қаулысын «заңсыз» деп санап, келіспей отыр. Сондықтан қаулы бойынша әкімшілік сотқа шағымданып, өз құқығын қорғамақ. Негізінен ол ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 230-бабы 2-бөлімі бойынша жауапқа тартылып отыр. Енді сот барлығын таразылап, әділ шешімін шығарады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз