Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жамбыл облысындағы лагерде баланы соққыға жыққан студент-тәлімгер жазаланды

Жазғы демалыс лагерінің тәлімгері заңсыз әдеп көрсеткені үшін жазаланды.

Сурет : ҚазАқпарат27 Шілде 2018, 09:13

Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы балалар лагерінде болған келеңсіз оқиға ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тау самалы» жазғы демалыс лагерінің тәлімгері Бекарыс Тілепбай заңсыз әдеп көрсеткені үшін жазаланды. Жуалы аудандық соты оны 10 жасар баланы ұрғаны үшін айыпты деп таныды», - деді ведомствосының баспасөз қызметіндегілер.

24 маусым күні Тараз қаласының ІІБ-на Тараздың Д. есімді тұрғыны келіп, «Тілебай баба» ЖШС-на тиесілі «Тау самалы» лагерінің тәлімгері баласын соққыға жықты деп арызданған. Баланың анасының өтінішімен 16-24 маусым аралығында «Тау Самалы» лагерінде тексеріс өтті.

Сот-медициналық сараптаманың нәтижелерінен белгілі болғандай, баланың денсаулығына зақым келген. Ол мидың шайқалуы түріндегі жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, қолы мен оң жақ аяғы қанталаған.

Жуалы аудандық ІІБ аталмыш фактіні ҚР ҚР ӘҚБТК-нің 73-бабы, 1-ші бөлігіне сәйкес, «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» деп бағалады.

«Жуалы аудандық сотындағы істі қарау барысында Б. Тілепбай кінәсін мойындап, бала бірнеше мәрте ішкі тәртіпті бұзып, тәлімгерін тыңдаудан бас тартты деп ақталды. Нәтижесінде Б. Тілепбай денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бойынша айыпты деп танылып, оған 36 075 теңге айыппұл салынды», - делінген хабарламада.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер