Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-да бал аралары қырылып, омарташылар шығынға батуда

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2018 15:49 Хабар 24
Олар мұны түрлі зиянкестерге қарсы себілген химиялық заттан көріп отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында бал аралары қырылып, кейбір омарташылар шығынға шаш етектен батып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Олар мұны түрлі зиянкестерге қарсы себілген химиялық заттан көріп отыр. «Сондықтан алдағы уақытта бал шаруашылығына арнайы алқап бөлінсе», – дейді мамандар.

Петропавл қаласының тұрғыны Геннадий Морев уақытының басым бөлігін орманда өткізеді. Ара өсіріп, бал айыру ісімен 20 жылдан астам уақыт айналысады. Өңір тұрғындарын сапалы табиғи өніммен қамтамасыз ету үшін шаруашылық та құрған. Алайда ауа райының қолайсыздығы бұл іске қолбайлау болып отыр.

– Биылғы маусым біз үшін қиын болып тұр. Өйткені көктем салқын, ал жаз тым кеш келді. Салдарынан алғашқы өнімді енді ғана алып жатырмыз. Бұрындары бұл уақытта өнімді саудалайтын едік, - дейді омарташы Геннадий Морев.

Омарташыларға жергілікті шаруа қожалықтары да айтарлықтай қиындық туғызып отыр. Алқаптарды түрлі зиянкестерден қорғау үшін себілетін химиялық заттан бал аралары қырылуда. «Және бұл жағдай жылда қайталанады», – дейді олар.

– Уақыт өткен сайын шағымданушылардың саны артып келеді. Улы дәріге аралар қырылып жатыр. Оның үстіне бір орыннан екіншіге көшіп жүру ыңсайзыдық туғызады. Сондықтан болашақта осы шаруашылықты дамыту үшін біздерге арнайы жер бөлінсе дейміз, - деді облыстық омарташылар қауымдастығының төрағасы Олег Гаврилов.

Үстіміздегі жылы оңтүстіктен солтүстікке бес мыңнан астам араның ұясы әкелінді. Бұл – шамамен үш жүз миллион ара. Ал олардан алынған балды енді мамандар шетел нарығына шығармақ ниетте.

– Бүгінгі күні өңірде екі мыңнан астам омарташы бар. Өткен жылы олар 300 тоннаға дейін бал жинаған екен. Биылғы көрсеткіш – оны үш есеге дейін арттыру. Сондай-ақ бал өнімдерін аспан асты елі мен Бірікке Араб Әмірліктеріне экспорттау көзделіп отыр, - дейді тілші Самат Қайырденұлы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: