11 жастағы қыз адамдікіндей тісі бар балық аулап алды

stan.kz stan.kz
Мамандардың болжамынша, бастапқыда балықты үйде асырау үшін сатып алған.

АҚШ-тың Оклахома штатының тұрғыны Кеннеди Смит балық аулауға барған. Осы кезде оның қармағына ерекше балық түсіпті. Себебі балықтың тісі адамдікіндей болған. Бұл туралы New York Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Анықталғандай, балық мутант емес, бөрібалық тектес балықтардың өкілі саналатын паку тұқымынан болып шықты. Бұл балықтың ұзындығы 88 сантиметрге, ал салмағы 25 келіге дейін жетеді. Ал 11 жасар қыздың қармағына түскен балық мұншалықты үлкен емес.

Паку балығының ерекшелігі, тісі адамның тісі тәрізді болып келеді.

«Мен балықты аулап алған кезде шошып кеттім. Бәрінен бұрын оның тістерінен қорықтым. Олар адамның тісіне ұқсайды. Жалпы, балықтардың тісінің өзі қорқынышты көрінеді. Алайда ол мен тістеп алған жоқ», – дейді Кеннеди Смит.

Мамандардың болжамынша, бастапқыда балықты үйде асырау үшін сатып алған. Алайда ол өсіп кеткеннен кейін, еркіндікке жіберген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз