Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да дін істері мәселелерін зерттеу орталығы жастарға дін сұрақтары бойынша семинар өткізді

muftyat.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2018 18:45 muftyat.kz
Аталмыш семинар діндарлар, мұсылман және қарапайым халықтың арасында өткендігін айта кетейік.

Осы жыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметі аясында «Ислам және отбасы» жылы деп аталды. Осыған орай Шығыс Қазақстан облысының дін істері мәселелерін зерттеу орталығы ашық аспан астында «Дала семинарын» ұйымдастырған еді.

Сібе көлдерінің жағасындағы көк майса шалғында алты қанат киіз үй тігіліп, дін мен діл ұйысқан ортаға түрлі аудандардан келген отбасылар жиналды. Келелі жиын барысында жиналған жұрт халыққа етене таныс дәстүрлі әндер тыңдап, өздері өзекті санаған сұрақтардың ұшығын шығарды. Семинар барысында дін жолының білікті мамандары, теолог ғалымдар дәріс оқыды.

Аталмыш семинар діндарлар, мұсылман және қарапайым халықтың арасында өткендігін айта кетейік. Оларға жүректері босаған кезде дұрыс түсінікті енгізетін болса, бұл ауруды кесіп тастау емес, демек ауруды емдеу болып табылады, – деді облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының бас теологы Серік Тәжібаев.

Теолог мамандар бұлай қазақ даласында киіз үй құрып, ақсақалдар мен жастардың ортасында дін сұрақтары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің тек оң нәтижесі беретінін жеткізді.

– Бүгінгі семинар мемлекеттік саясатты жүйелі жүзеге асырудағы атқарылып жатқан нәтижелі жұмыс деп білеміз, - деп қорытындылады ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамту бөлімінің басшысы Болатбек Мамырбаев.

Дін - өте нәзік сұрақ. Қандай қиыншылық болмасын, бауыр-қарындастары жүрген жолынан тайса, қазақ халқы «есің барда еліңді тап» деп құшағына қайта шақырары хақ. Осылайша көңілі далада жүрген баласын халқымыз Сібе шалғынына үй тігіп шақырады.

Айдос Мырзахметов, Ерік Тілеухан, «Алтай-ақпарат»

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: